Жас геологтардың I республикалық дала олимпиадасы басталды
Бүгін Қонаев қаласындағы Республикалық «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығында Жас геологтардың I республикалық дала Олимпиадасының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Олимпиадаға еліміздің барлық өңірінен 16 команда мен 200-ден астам бала қатысып жатыр. Олар 9-11 сынып оқушылары. Қатысушылар палеонтология, гидрология, радиометрия, минералогия және петрография, пайдалы қазбалар геологиясы сынды түрлі дисциплина бойынша білімдерін сынайды. Жеңімпаз командалар грамотама, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Мұнымен қоса, жеке есептегі жеңімпаздар Satbayev University, Қазақстан-Британ техникалық университеті және Сафи Өтебаев атындағы Мұнай және газ Атырау университетінің геологиялық мамандықтарына грант ұтып алу мүмкіндігіне ие болмақ.
-->Олимпиадаға еліміздің барлық өңірінен 16 команда мен 200-ден астам бала қатысып жатыр. Олар 9-11 сынып оқушылары. Қатысушылар палеонтология, гидрология, радиометрия, минералогия және петрография, пайдалы қазбалар геологиясы сынды түрлі дисциплина бойынша білімдерін сынайды. Жеңімпаз командалар грамотама, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Геологияға деген қызығушылық тек ғылым ретінде емес, сондай-ақ экономиканың маңызды саласы ретінде қарастырылып, жас балалар үшін жетістіктерге жетіп, ғылыми жаңалықтар ашуға стимул болуы тиіс. Бұл олимпиада дәстүрлі түрде өтіп, жылдан жылға жас геологтар санын көбейтуге сеп болады, - деді «Жас геолог» КҚ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалым Нұржанов.
Мұнымен қоса, жеке есептегі жеңімпаздар Satbayev University, Қазақстан-Британ техникалық университеті және Сафи Өтебаев атындағы Мұнай және газ Атырау университетінің геологиялық мамандықтарына грант ұтып алу мүмкіндігіне ие болмақ.