Білім

Жаңа оқу жылында 154 мектеп пайдалануға беріледі

Оқу-ағарту министрлігі апатты, үш ауысымды мектеп мәселесін шешу үшін жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. 2023-2024 оқу жылында 132 мың оқушы орны бар 154 жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлады Elorda.info.

Жыл соңына дейін шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 1000 мектеп алты бағыт бойынша жаңғыртылады, яғни, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, пәндік кабинеттер жабдықталады, кітапханалардың, асханалардың, мектептердің жиһаздары жаңартылады, сондай-ақ, балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, 1000 пәндік кабинет ашу жоспарлануда, 749 пәндік кабинет қосымша сатып алынады.

-->

1 қыркүйекте 194 орта білім беру ұйымында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, 65,6 мың орындық 52 мектеп іске қосылады. Бұл апатты жағдайда тұрған 12 мектеп пен үш ауысымды 29 мектептің мәселесін шешпек.
Бұдан басқа, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру басталды. Оның шеңберінде 740 орынға арналған 369 мектептің құрылысын бастау жоспарлануда, - делінген министрлік ақпаратында.