Білім

«Зерде» республикалық конкурсы мәреге жетті

Конкурста математика, қолданбалы математика; физика, космос; туризм және спорт; химия, биология; информатика, робототехника, STEM инженерия секциялары бойынша зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар бағаланды, деп хабарлады Elorda.info.

Конкурстың қорытынды кезеңіне республиканың барлық өңірінен 275 оқушы қатысты. Қазылар алқасының шешімімен 163 қатысушы жүлделі орындармен марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі диплом – 41, ІІ дәрежелі диплом – 57, ІІІ дәрежелі диплом – 65, сондай-ақ ерекше жетістіктері үшін берілген грамота – 80.

Естеріңізге салсақ, «Зерде» конкурсының қоғамдық-гуманитарлық бағыты биыл 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында 369 оқушы арасында өтті. Онда 209 қатысушы жүлделі орындармен марапатталған.

-->