Білім

«Үздік дене шынықтыру педагогі – 2024» республикалық байқауы басталды

Щучинск қаласында «Үздік дене шынықтыру педагогі – 2024» республикалық байқауы басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқауға еліміздің әр өңірінен келген 19 дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысуда. Барлығы аудандық, облыстық деңгейде іріктеуден өткен. Педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Байқаудың мақсаты – дене шынықтыру педагогтерінің шығармашылық бастамасын қолдау, кәсіби өсуге жәрдемдесу, осы мамандық бойынша педагогтердің  еңбегінің беделін арттыру.

Байқау үш кезең бойынша өткізіледі:

I тур – «Креативті педагог»;

II тур – «Қазіргі заманғы дене шынықтыру сабағы»;

III тур – «Үздік спорттық-бұқаралық  іс-шара».

Айта кетейік, байқаудың жүлде қоры 1,5 млн теңге. Сондай-ақ, арнайы номинациялардың иегерлеріне 100 мың теңгеге ақшалай сертификаттар табысталады.