Тәжікстан біздің білім саласындағы тәжірибемізге қызығушылық танытты
Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Наталья Жұмаділдаева Тәжікстан Білім және ғылым министрінің орынбасары Абдулзод Зиедулломен кездесті, деп хабарлайды Elorda.info Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Тараптар екі елдің білім беру саласындағы ынтымақтастығының перспективаларын талқылады.
Елімізге сапары барысында тәжік делегациясы РІЅА халықаралық рейтингінің нәтижелері бойынша Қазақстанның тәжірибесін зерделейді.
Естеріңізге сала кетейік, PISA нәтижелері бойынша Қазақстан математика және жаратылыстану пәндері бойынша үздік 50 елдің қатарына кірген болатын. Жаратылыстану пәндерінен көрсеткіштерді 26 баллға арттырып, математика және оқу бойынша нәтижелерді сақтап қалды.
Сапар аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Тәжікстан Білім және ғылым министрлігінің Білім академиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
-->Тараптар екі елдің білім беру саласындағы ынтымақтастығының перспективаларын талқылады.
Елімізге сапары барысында тәжік делегациясы РІЅА халықаралық рейтингінің нәтижелері бойынша Қазақстанның тәжірибесін зерделейді.
Жаңа жобалар мен бастамалар біздің бірлесіп жұмыс істеуімізге және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге кең мүмкіндіктер ашады. Біздің білім беру саласындағы ынтымақтастығымыз халықтарымыз бен мәдениеттерімізді одан әрі жақындастыруға ықпал ететініне сенімдімін, - деп атап өтті Н.Жұмаділдаева.