Білім

«Ұстаз болу – қастерлі міндет»: Президент мұғалімдерді мерекелерімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық педагогтер съезіне қатысып, мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

-->

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық педагогтер съезіне қатысып, мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұстаздар күні құтты болсын! Бүгін, шын мәнінде, өте маңызды жиын. Себебі ұстаз – ең алдымен, қадірлі маман. Ал, ұстаз болу – қастерлі міндет. 

Бүгінде еліміздің болашағы жарқын болып, дамыған мемлекетке айналуы үшін мұғалімдер қауымы аянбай еңбек етіп жүр. Жалпы, кім-кімнің де жақсы адам, мықты маман болуы ұстазына байланысты. 

Ахмет Байтұрсынұлы «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек» деген. Ұлт ұстазының бұл сөзі қашанда орынды. Білім мен ғылым – табысқа жетудің ең басты кілті. Өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие және озық білім беру – өте маңызды міндет, - деді Мемлекет басшысы Республикалық педагогтер съезінде.