Білім

Робототехникадан әлем чемпионатына төрт команда қатысады

Олар Қазақстанда және шетелдерде өткен іріктеу чемпионаттарында үздік шығып, квота алған 200-ден астам команда, деп хабарлады Elorda.info.

Чемпионат дүниежүзілік FIRST бағдарламасы аясында үш жас санатында өтті: FLL Explore (6-10 жас), FLL Challenge (10-16 жас) және FIRST Tech Challenge (12-18 жас). Чемпионатқа роботтар ойынынан басқа инновациялық жобалар байқауы мен төрешілер сессиялары кірді.

FLL Explore (6-10 жас) жас санатының қорытындысы бойынша американдық Хьюстонға жолдаманы елордалық Quantum STEM School «IQRobots» командасы жеңіп алды. I орынды Алматы қаласының Leas мектебінің «Очень умелые капибары» командасы, II орынды Екібастұз қаласының Robopark мектебінің «Billion team» командасы, III орынды Павлодар қаласының Сатурн мектебінің «Ренессанс» командасы иеленді 

10-16 жас аралығындағы FLL Challenge санатында Хьюстонға жолдаманы Шымкент қаласынан «Shym Side» командасы жеңіп алды. I орын – Астана қаласының БИЛ-дің «Stay Hydrated» командасының, II орын – Орал қаласының 125 High School мектебінің «Toro Doro» командасының, III орын - Семей қаласының БИЛ-дің «Ro Alemi» командасының қанжығасында.

12-18 жас аралығындағы FIRSТ Tech Challenge санатында Хьюстонға жолдаманы екі алматылық команда жеңіп алды: «Bolt.m3», РФММ және «Yaku» НЗМ ФМБ. 

Дәл сол санатта Лондонда өтетін жарысқа жолдаманы алматылық НЗМ ФМБ-нен «Жамақаев» тобы, Алматы қаласы №124 мектептің «124» тобы және Алматы қаласының «Alem» инновациалық шығармашылық орталығының «PID» командалары жеңіп алды. 

Сонымен қатар, Хьюстонға «Dean's list» үздік оқушыларының дүниежүзілік рейтингісіне сәйкес Астананың «Quant» командасынан Айша Алмат және Алматы қаласының «124» командасынан Томирис Оңғарбек есімді оқушылар жеке шақыртулар алды. Сондай-ақ, бетпе-бет сұхбат нәтижелері бойынша қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарында оқу үшін 28 грант бөлінді. 

Central Asia FIRST Championship ұйымдастырушылары: ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Астана әкімдігінің қолдауымен USTEM Foundation ҚҚ, Астана қаласының білім басқармасы және «Дарын» РҒПО.

-->