Президенттік жастар кадр резерві: Келесі кезеңге өткен үміткерлер белгілі болды
Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтында тестілеудің келесі блогы – «Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға» жіберілген үміткерлер тізімі жарияланды, деп хабарлады Elorda.info.
1 қазанда өткен «Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау» тестілеуіне 6 404 үміткер тіркеліп, оның 5 398-і қатысты. Үміткерлер мәтіндік ақпаратты талдау қабілетін анықтау тестінен өтті.
Келесі кезеңге өткен тұлғалардың толық тізімі pkrezerv.gov.kz ресми сайтында қолжетімді.
Іріктеу тәртібіне сәйкес келесі тестілеу – «Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға» қатысушылардың жалпы санының 50% жіберіледі. Бірнеше үміткердің нәтижесі бірдей болған жағдайда келесі тестілеу блогына көбірек қатысушылар саны жіберілуі мүмкін.
Осылайша, тестілеудің екінші блогы «Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға» ең жақсы нәтиже көрсеткен 2 967 үміткер жіберілді.
Тестілеудің екінші блогы 7 қазанда өтеді. Ол үміткердің кестелер, графикалар және диаграммалар түріндегі сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға бағытталған 25 тест тапсырмасынан тұрады.
«Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау» тестілеуіне жіберілген барлық үміткерлер 6 қазан сағат 23:59-ға дейінгі мерзімде (Астана уақыты бойынша) өзінің жеке кабинетінде тест тапсыру уақытын таңдауы қажет.
-->1 қазанда өткен «Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау» тестілеуіне 6 404 үміткер тіркеліп, оның 5 398-і қатысты. Үміткерлер мәтіндік ақпаратты талдау қабілетін анықтау тестінен өтті.