Білім

Педагогтердің республикалық тамыз саммиті басталды

Биыл  бірінші рет дәстүрлі тамыз конференциясы халықаралық қонақтардың, білім берудегі сарапшылардың қатысуымен саммит форматында өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Ол «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» тақырыбында оқу үдерісін цифрландыруға және әлемдік тәжірибені ескере отырып, сабақ беру процесіне жасанды интеллектті енгізу ерекшеліктеріне арналады. Саммит аясында жасанды интеллектті қолдана отырып жасалған цифрлық өнімдердің білім беру көрмесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ білім беру саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен пленарлық және секциялық отырыстармен қатар шеберлік сабақтары өтеді» - деп жазылған хабарламада.

Іс-шара соңында білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін үздік педагогтер марапатталады. Оған 500 мыңнан астам педагог офлайн және онлайн режимдерде қатысады.