Отандық 1 мың оқу ошағы PISA-2023 зерттеуіне қатысты
Биыл 6 қараша мен 15 желтоқсан аралығында Қазақстанда «Мектептерге арналған PISA-2023» халықаралық зерттеуі аяқталды. Оған еліміздегі барлық өңірден 1000 оқу орны қатысты, деп хабарлады Elorda.info.
Олардың арасында 965 мектеп пен 35 колледж бар.
Әрбір мектеп 2024 жылдың екінші жартыжылдығында білім сапасын жақсарту және талдау үшін құнды ақпараттары бар есептерді алады. Еске салайық, мектептерге арналған PISA-2022 нәтижелері бойынша 1000 білім беру ұйымына 428 жеке және 172 топтық есеп берілген.
-->Биыл 6 қараша мен 15 желтоқсан аралығында Қазақстанда «Мектептерге арналған PISA-2023» халықаралық зерттеуі аяқталды. Оған еліміздегі барлық өңірден 1000 оқу орны қатысты, деп хабарлады Elorda.info.
Олардың арасында 965 мектеп пен 35 колледж бар.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) «Мектептерге арналған PISA» зерттеуі жеке мектеп деңгейінде 15 жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстану пәндері бойынша функционалдық сауаттылығын салыстырады. Зерттеуге 436 қалалық және 564 ауылдық білім беру ұйымдарынан 33 мыңнан астам оқушы қатысты. Зерттеу нәтижелері бойынша білім беру ұйымдары PISA зерттеуіне қатысқан еліміздің және әлемнің басқа мектептерімен салыстырылған нәтижелері туралы есеп алады. Бұдан басқа, есептерде білім алушылардың оқу үлгеріміне, яғни, олардың әлеуметтік және эмоционалдық дағдыларына, оқу процесіне деген қызығушылығына және мектеп/колледждге көзқарасына және т.б. әсер ететін факторларға талдау жасалынады, - деді Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.