Білім

Оқушылар арасында ақындар айтысы басталды

Еліміздің барлық білім беру ұйымдарында бірінші тоқсан бойы «Ақындар айтысы» суырып салма ақындар байқауы өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді. 

Байқау «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында өткізілуде.

Бұл жоба қазақ ұлттық өнерін, мәдениетін және мұрасын қолдау мен дәріптеуге арналған. Қазірдің өзінде Қазақстан бойынша жалпыұлттық идеяны жүзеге асыру мақсатында «Ақындар айтысы» ашық сабақтары басталып кетті.

Айта кету керек, «Ақындар айтысы» байқауы мұндай кең көлемде елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл ауқымды республикалық акция еліміздегі барлық білім беру ұйымдарын біріктіруге бағытталған және білім алушылардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттырып, ақындар дәстүрін жалғастыруға ынталандырады.

-->

Байқаудың мақсаты – айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы ретінде дәріптеу, баға жетпес мәдени мұрамызды шешендік өнер арқылы таныту, балаларды ұлттық рух пен отансүйгіштік, өз халқына, салт-дәстүріне деген құрмет білдіруге тәрбиелеу, дарынды шығармашыл жастарды анықтау, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.