Білім

Оқушылар 6 миллион теңгеге дейін біржолғы төлемдер ала алады

Мәжіліс депутаттары мәдениет пен білім мәселелері жөніндегі заң жобасына түзетулер әзірледі.  Олар халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының жүлдегерлері үшін біржолғы төлемдерді енгізуді, жоғары оқу орындарының кейбір түлектерін босатуды сондай-ақ басқаларын кейінге қалдыруды ұсынады.

Парламент ұсынған жаңа заңнамалық нормалар туралы Tengrinews тілшісіне құжат әзірлеушілердің бірі, мәжілісмен Асхат Аймағамбетов айтып берді.

Гранттардан кімдер босатылады?

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда мемлекет есебінен жоғары білім алғандар үшін міндетті қайтару туралы норма бар. Заң жобасын әзірлеу кезінде депутаттар қазақстандықтардың өтініштерін ескеріп, ата-ана атанған және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған жоғары оқу орындарының түлектеріне көмек беруді және оларды оқу бітіргеннен кейін гранттарды міндетті түрде қайтарудан босатуды ұсынды. Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, ғылым және жоғары білім министрлігі бұл норманы қолдады.

«Бізде мүгедек балаларды тәрбиелеп оырған түлектер аз емес. Адамның мүлдем басқа жағдайлары бар екені түсінікті. Сондықтан мемлекет осындай адамдармен кездесуге баруы керек секілді. Біз бастама көтердік. Үкімет  бұл бастаманы қолдады, енді мелмекеттік грант бойынша оқыған түлектің мүгедек баласы болса, біз оған жұмыс істемеуге мүмкіндік береміз, жұмыс істеуден босатамыз», - деді Аймағамбетов.

I топтағы мүгедек адамдарға күтім жасайтын қазақстандықтарды да жұмыстан босатуды ұсынады. Сондай-ақ парламентшілер шетелдік жоғары оқу орындарында резидентурада, магистратурада, аспирантурада, докторантурада оқуын аяқтағандарды оқу кезеңіне өтеуді кейінге қалдыруды ұсынды.

«Біз бакалавриатта оқығандар, содан кейін шетелге магистратураға түскендер санатын қосуды ұсындық. Енді оларға кейінге қалдырайық дедік. Егер ол магистратурада 2 жыл оқыса, біз жұмыс істеу мерзімін осы 2 жылға кейінге қалдырамыз», - деп түсіндірді депутат.

Оқушыларға біржолғы төлемдер

Өткен жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы дарынды балаларды қолдауға және дамытуға шақырды. Мәжіліс депутаттары дарынды балаларды қолдау үшін халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздарына біржолғы төлемдер енгізуді ұсынды. Мұндай конкурстардың жеңімпаздары үшін ең жоғары төлем мөлшері – шамамен алты миллион теңге. Сондай-ақ оларды дайындаған педагогтерді ынталандыру ұсынылады.

«Спортта өте көп соманы олимпиада жеңімпаздарына шамамен 250 мың доллар береді. Біз халықаралы ғылыми жобалар конкурстары мен пәндік олимпиадалардың жеңімпздары, егер көп болмаса Қазақстан үшін де маңызды екендігіне сенімдіміз. Бұл біз бұрын қабылдаған норманың логикалық жалғасы. Өткен жылы біз заң қабылдадық. Халықаралық ғылыми конкурстарда жоғары нәтижелерге қолжеткізген оқушылар ЖОО-ға ҰБТ тапсырмайа-ақ грантқа түсуге және «Болашақ стипендиясына үміткер болуға мүмкіндік алды. Бүгінгі норма – бұл соңғы қадам. Біз ақылды, талантты балаларға, дарынды жастарға бәс тігетінімізді көрсетеміз. Біздің Президент дәл осындай міндет қойып отыр», - деді Асхат Аймағамбетов.

 

Жоғары оқу орындары шін көбірек қолдау

Білім мәселелері бойынша заң жобасында жоғары оқу орындарын саралау мәселелесін реттейтін түзетулер көзделген. Бұл дегеніміз енді қазақстандық ЖООбілім беру сапасы жағынан мықты және онша күшті емес болып бөлінеді. Тиісінше, мемлекет білім беру мекемелеріне олардың деңгейіне байланысты көп немесе аз қолдау көрсетеді.

Жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларын дербес анықтай алады. Өйткені олардың тиісті құзыреті мен кадрлары бар – деп есептейді депутат. Қзаіргі таңда Қазақстанда ұлттық және басқа да жоғары оұу орындары арасында саралау бар. Енді жоғары коэффициентпен мемлекеттік қолдауға тек ұлттық университеттер ғана смогут не рассчитывать.

 

Мемлекеттік тілде оқығысы келетін оқушыларға көмек

Заң жобасы басқалармен қатар, Оқу-ағарту министрлігінің өкілеттіліктерін кеңейтеді. Ведомство бастауыш сынып оқушыларына арналған бейімдеу бағдарламаларын әзірлейді. Бұл мемлекеттік тілде оқытылатын, бірақ оны жеткілікті дәрежеде меңгермеген сынып оқушылары туралы.

«Біз кейбір балаларға қосымша қолдау қажет екенін көреміз: мысалы, ата-аналар мемлекеттік тілде өте еркін сөйлемейтін болса, бала да әдетте солай болады. Бірақ олар: «біз шешім қабылдадық, баланы дайындадық, ол мектепте мемлекеттік тілде оқиды» дейді. Содан кейіндайындықсыз келген кейбір балаларда бейімдеу процесі қиынға соғады. Сондықтан  бастауыш сынып оқушыларына көмектесу үшін белгілі бір бейімдеу бағдарламаларының қажеттілігі бар», - деді Асхат Аймағамбетов.

Енді мемлекеттік тілде оқығысы келетін, бірақ әдістемелік қолауды қажет ететін балалар мектептерде қосымша сабақтарға қатыса алады. Депутаттардың пікірінше, бағдарлама 1-2 сыныптардлы қамтуы мүмкін. Егер бала тілді меңгерсе, онда мұндай сабақтардың қажеті болмайды.

 

Балабақшаларды балаларды мектепке дейін оқытуға міндеттейді

Тағы бір маңызды бастама – мектепалды даярлықтан өткен балалар шілде айының соңына дейін балабақшаларда қала лаатын норманы белгілеу. Бұрын ата-аналар бала 10 қаңтарда 6 жасқа толған және көбінесе балабақшадан шығарылған жағдай жиі тап болатын. Оқу жылы басталғанға дейін уақыт бар, ал балабақшаға баруға құқылы емес. Бірақ әлі мектепке қабылданбаған.