Оқу-ағарту министрі Түркияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Түркия Республикасының Қазақстандағы елшісі Мұстафа Капуджумен кездесті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Кездесу барысында министр Астана мен Ыстанбұл арасындағы білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, тараптар мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, инклюзивті білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.