Оқу-ағарту министрі көпбалалы ұстаздарды мерекемен құттықтады
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің әр өңірінде ұстаздық қызметте жүрген көпбалалы педагог-шеберлерді құттықтады, деп хабарлайды Elorda.info Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Министрмен кездесуге келген Түркістан облысы Жетісай қаласының тұрғыны, батыр ана Жанат Кертайқызы жұбайымен бірге алты ұл және екі қыз тәрбиелеп отыр. Ұстаз-шебер өмірінің 44 жылын тарих пәнін оқытуға арнаған.
Ғани Бейсембаев құттықтау сөзінде қоғамда әйелдердің ерен еңбегінсіз даму мүмкін емес екенін атап өтті. Олардың ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды рөлін ешкім жоққа шығара алмайтынын жеткізді.
Мейрам қарсаңында еліміздің бас ұстазы педагогтерді «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» және «Ы.Алтынсарин» төсбелгілерімен марапаттады.
Марапат алғандардың қатарында елордадағы №96 мектеп-гимназия директоры Сәуле Теменова, физика пәнінің мұғалімі Дәмелі Қошқарбаева, сондай-ақ бастауыш сынып мұғалімдері – Ақшегүл Ақмағамбетова, Меруерт Қабиева, Апидаш Рахымжанова, Гүлнар Ишанбай; қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері – Майра Шайхиева, Лаура Семеева, Светлана Жұманова, Алтынгүл Шаймағанбетова, Әсел Ерментаева; орыс тілі және әдебиетінің мүғалімдері – Нұргүл Оспанова, Әлия Нұрахметова; математика пәнінің ұстаздары – Маржангүл Әбдікәрімова, Бағлан Құсманова, тарих пәнінің мұғалімі Жанат Айдағараева және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ақмарал Сайфутдинова бар.
Айта кетейік, бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 470 мыңға жуық әйел педагог еңбек етеді.
-->Министрмен кездесуге келген Түркістан облысы Жетісай қаласының тұрғыны, батыр ана Жанат Кертайқызы жұбайымен бірге алты ұл және екі қыз тәрбиелеп отыр. Ұстаз-шебер өмірінің 44 жылын тарих пәнін оқытуға арнаған.
Мен Қазақстанның барлық мұғалімдерін, әріптестерімді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біздің жауапкершілік пен ыждағаттылықты талап ететін ұрпақ тәрбиелеудегі жұмысымызда шығармашылық табыс, зор денсаулық пен сарқылмас сабыр тілеймін, - деді ұстаз.
Ғани Бейсембаев құттықтау сөзінде қоғамда әйелдердің ерен еңбегінсіз даму мүмкін емес екенін атап өтті. Олардың ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды рөлін ешкім жоққа шығара алмайтынын жеткізді.
Сіздер тәуелсіз еліміздің болашағы – жас жеткіншектерімізді, ұлдарымыз бен қыздарымызды тәрбиелеп, бүкіл елдің игілігі жолында еңбек етіп келесіздер. Өздеріңізді Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтай отырып, шынайы алғысымды білдіргім келеді. Сіздер кәсіби шеберліктеріңіз бен қажыр-қайраттарыңыздың арқасында ана мен ұстаз міндетін қатар алып жүрсіздер. Сіздерге осы жолда зор денсаулық, сарқылмас сабыр тілеймін. Өмірлеріңіздің әрбір сәті бақытты кезеңдерге толы болсын, - деді министр.