«Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» емтихан материалдарын сату туралы хабарлама рас па?
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары (ДББҰ) түлектері тапсыратын емтихан материалдарын сату туралы хабарлама тарап жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
«Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді» деп жазды өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.
-->Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары (ДББҰ) түлектері тапсыратын емтихан материалдарын сату туралы хабарлама тарап жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
«Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді» деп жазды өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.
Біздің мектептерде оқушыларды бағалау рәсімдерін өткізуге арналған кез келген емтихан материалдары халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленеді. Емтихан материалдарын әзірлеу кезінде құпиялылық және ақпараттық қауіпсіздік шаралары сақталады, бұл өз кезегінде материалдардың таралып кетпеуін қамтамасыз етеді.Осыған байланысты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ арандатушылыққа берілмеуге шақырады. Біз оқушыларымызға білім беруде адалдық пен ашықтық принциптерін қатаң ұстанамыз және алаяқтықтың кез келген түрін, соның ішінде емтихан материалдарын сатуды мүлдем құптамаймыз. Сондай-ақ мұндай әрекеттер біздің ережелерді өрескел бұзу ретінде қарастырылатынын, оқу орнынан/жұмыстан дереу шығаруға және кейіннен заңнамалық деңгейде жауапкершілікке тартуға әкелуі мүмкін екенін атап өткім келеді, - деді Әнуар Жанғозин.