Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды
Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады Elordainfo.kz.
Өтінішті 25 ақпанға дейін app.testcenter.kz сайты немесе UTO қосымшасы арқылы беруге болады.
Ал тестілеу 1 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтеді.
Аталмыш тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады:
- орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;
- шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар;
- өткен жылғы мектеп және колледж түлектері (толық оқыту нысанына);
- ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар;
- шетелде білім алған бітіруші 11 (12) сынып оқушылары (Қазақстан Республикасының азаматтары).
Тестілеуге қатысу құны – 5 640 теңге.
Айта кетейік, талапкерлер тестілеу өтетін күнді, уақытты және орынды өздері таңдайды.
https://kaz.inform.kz/news/nauriz-ayinda-otetn-ubt-ga-otnsh-kabildau-bastaldi-3fa291/