Білім

Министрлік қосымша білім грантына ие болғандардың тізімін жариялады

Ғылым және жоғары білім министрлігі қосымша білім беру гранттарын тағайындады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Білім беру гранттары белгіленген тәртіппен, конкурс негізінде, ең жоғары ҰБТ баллдарына ие болған үміткерлерге білім беру бағдарламаларының тиісті топтарына сәйкес белгіленді.

Барлық грант иегерлері жоғары оқу орындарына қабылдану үшін барулары қажет, - делінген хабарламада.