Мектептер мен колледждер арасындағы үздік кітапханашылар анықталды
Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы ұйымдастырған «Үздік кітапханашы-2023» байқауының қорытындысы шығарылды, деп хабарлады Elorda.info.
«Үздік кітапханашы-2023» байқауына еліміздің мектептері мен колледждерінен 1 300-ден астам кітапханашы қатысты. Байқау ғылыми және көркем әдебиетті сақтау, зерттеу және насихаттау бойынша озық тәжірибелерді анықтауға бағытталған.
Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды:
1-орын – Қостанай облысындағы мектептің кітапханашысы Римма Егороваға;
2-орын – Павлодар қаласындағы №7 ОБМ КММ кітапханашысы Гүлжан Тукеноваға;
3-орын – «TAMOS EDUCATION физика-математика мектебінің» кітапханашысына бұйырды.
Еске салайық, ҚР Үкіметінің қаулысымен 24 қазан – Кітапханашы күні болып белгіленген. Бүгінде мектеп кітапханашыларына педагог мәртебесін беру мәселесі қарастырылуда.
-->«Үздік кітапханашы-2023» байқауына еліміздің мектептері мен колледждерінен 1 300-ден астам кітапханашы қатысты. Байқау ғылыми және көркем әдебиетті сақтау, зерттеу және насихаттау бойынша озық тәжірибелерді анықтауға бағытталған.