Мәншүк Жәлел: Түркия университеттеріне қалай түсуге болады?
Қазір еліміздегі мектеп түлектерінің көбі шетелдегі жоғары оқу орындарын таңдауда. Бұған қандай себеп? Бұл мәселені зерделеу үшін Elorda.info тілшісі Түркияда білім алу және өмір сүруге байланысты кеңес беруші, блогер Мәншүк Жәлелмен сұхбаттасты.
- Мәншүк ханым, биыл елімізден Түркияға оқуға түсуге ынта білдіріп отырғандардың саны өткен жылдармен салыстырғанда қаншалықты?
-Мен өзім Түркияда тұрып, тек Түркия университеттеріне оқуға түсуге көмектесетіндіктен, басқа елдермен салыстыру қиындау. Бірақ, қазақ балалары көп таңдайтын елдердің көш басында Түркия елі тұрғанына сенімдімін. Дегенмен, нақты қанша түлек оқуға түсуге өтініш білдіргенін айта алмаймын. Себебі, жан-жақтан әр түрлі агенттіктер арқылы да, балалардың өздері де келіп оқуға тапсырып жатыр. Бірақ мұны “Түркия Бурслары” грантына өтініш тапсырған балалар санымен шамалауға болатын шығар деп ойлаймын. Былтыр онда 18 мыңдай баладан өтініш түскен. Биыл 15 мың шамасында өтініш болды. Көбі биылғы Түркияда болған жер сілкінісінен кейін қорқып қалған сияқты.
-Балалар мен олардың ата-аналары осы елді не үшін таңдап отырғандары туралы айта ма? Оларды мұнда не қызықтырады, өз еліміздегі оқу орындарынан артықшылығы қандай?
-Көпшілікті, әрине, шетелде оқу перспективасы қызықтырады. Басқа бір мүмкіндік ашылады деп есептейді. «Баламыз өзге елді көрсін, мәдениетін, өмір салты мен саясатын танысын» дейді. Кейбірі «басқа балалар барып жатыр» деген дүрмекке ілесуі мүмкін. Шыны керек, қазір “Түркияға емтихансыз тегін оқуға түсіреміз» деген жарнамамен алдап шақыратындар өте көп. Бұл да шетелге оқуға түсуге ынта білдіретіндердің қатарын көбейтетіні рас.
Негізінде, мұнда да түрлі деңгейдегі университеттер бар. Айырмашылықтары қабылдау шарты, оқу ақысы мен орналасқан қалаларына байланысты. Оны көбі біле бермейді.
Түркия университеттерінің біздегі оқу орындарынан негізгі артықшылығы - инфраструктурасы. Әрбір университет өз алдына қалашық- үлкен кампус болып келеді. Тіпті, әр факультеттің өз ғимараты, лабораториясы, практикалық салоны, медициналық факультеттің өз клиникасы болады. Студенттер үшін кітапхана, спорт орталықтары, түрлі клубтар, кафе-ресторандар - бәрі бір кампуста орналасқан. Оқу процесі Болония жүйесінде құрылған. Толығымен студенттің қалай оқығанына, тер төккеніне байланысты. Студент неғұрлым көп оқыса, соғұрлым жетістікке жетеді. Сессияларын тапсыра алмаса, келесі семестр сол курсты қайта оқиды. Сөйтіп, 4 жылдық бакалавр 7 жылға дейін созылуы мүмкін. Осы жылдар ішінде дәрістер бойынша борыштар жабылмаса, студентке оқу орнымен қоштасуға тура келеді.
Тағы да қосарым, біздің елде ата-аналар арасында екі үлкен мәселе бар: біріншісі, «баласы оқуға түспей қалып, уақыт жоғалта ма?» деген қорқыныш. Екіншісі, «ер баланы әскерге алып кетеді» деген үрей. Алғашқы мәселеге «онда тұрған ештеңе жоқ» дер едім, бала биыл түсе алмаса, келесі жылға дейін тіл үйреніп, емтиханға дайындығын пысықтап түсуіне болады. Ал келесі мәселеге келсек, иә, расымен, ер балалар 17 жасынан емес, 21 жасынан әскерге алынса, олардың алаңсыз оқып, мамандық алуына мүмкіндік туар еді.
-Шетелдегі оқуды, негізінен, кімдер таңдайды? Әлеуметтік жағдайы жақсылар ма, әлде барлығы да қызығушылық таныта ма?
-Әлеуметтік жағынан әртүрлі отбасылар таңдайды. Мүмкін қалталылардың балалары Еуропа мен Америкаға кететін болар. Ал басым көпшіліктің Түркияға қызығатын себебі - тіліміз ұқсас, дініміз бір, келіп-кетуге жақын, ыңғайлы болғандығында.
- Ол жақтағы оқу ақысы бағаларының орташа деңгейі қай шамада?
-Түркияда университеттер екіге бөлінеді: мемлекеттік және жекеменшік. Мемлекеттік университеттерде оқу ақысы жылына 800$-2000$ аралығында, ал жекеменшік университеттерде 2000$-дан 20000$-ға дейін жетеді. Оқу ақысының бұлай өзгеруі, ең алдымен, оның көрсеткішіне, тұрған қаласына, ішкі саясатына және сұранысқа байланысты. Мысалы, Түркияның нөмірі бірінші университеті - Хаджеттепе мемлекеттік оқу орны шетелдік студенттер үшін оқу ақысын былтыр бірден 10 есе арттырды. Қазір онда оқу 7000-10000$ тұрады, бірақ оған түсу де оңай емес. 1200 баллдан жоғары SAT, 400 жоғары TR-YOS сынақтарының нәтижесі керек. Ал ең жоғары рейтингідегі жекеменшік университеттер Коч, Сабанджы университетінде оқу жылына 21000$. Студент оқу ақысын әр семестр басында, яғни жылына екіге бөліп төлеуі керек.
-Ондағы оқу орындарына түсу үшін не істеу керек? Мұнымен кімдер айналысады? Осы тұрғыда қандай кеңес бересіз?
-Алдымен, университеттерді зерттеу керек. Олардың қабылдау шарттары, рейтингісі, орналасқан жері, оқу ақысы, т.б. Түркияда 200-ден астам жоғары оқу орны бар. Оның 120-ға жуығы - мемлекеттік университеттер! Олар Түркияның 80 провинциясында орналасқан. Бәрі де шетелдік студенттерді қабылдайды. Бірақ бәрінде оқуға қабылдау шарттары бірдей емес. Көп оқу орындары, әсіресе, жоғары көрсеткіші бар университеттер халықаралық сынақтармен немесе өздері өткізетін YOS сынағымен оқуға қабылдайды. Мысалы, Анкарадаға ОДТУ-да (Таяу Шығыс Техникалық Университеті). Білім ағылшын тілінде беріледі. ҰБТ баллы 120-дан жоғары болса, мұнда түсуге болады.
Екінші мәселе - өзіңнің мақсатың мен мүмкіндігің! Қандай мамандық иесі болғың келеді, не үшін? Болашақта қайда жұмыс істегің келеді? Оқу үлгерімің қандай? Емтихандарың бар ма? ҰБТ, SAT, YOS тапсырдың ба? Математикадан білім деңгейің қай дәрежеде? Қандай факультетке тапсырсаң да, осы сынақтар керек. Ия, еш сынақсыз 11-сынып аттестатымен де қабылдайтын университеттер бар. Олар - барлық жекеменшік университеттер және орта немесе рейтинг көрсеткіші төмен мемлекеттік университеттер. Бұлардың дені шағын қалаларда, ауылдарда орналасқан. Бірақ бұл жерде мақсатың мен білімің, мүмкіндігің өте маңызды. Мысалы, қызыл аттестаты бар үздік түлекке «сынақсыз түсем екен» деп рейтинг көрсеткіші төмен жоғары оқу орнына түскен дұрыс па? Меніңше, дұрыс емес. Одан да асықпай, жақсылап емтиханға дайындалып, үздік университетке түскен жөн емес пе?
-Оқуға түсерде қазақстандық абитуриенттер негізінен қандай қиындықтарға тап келеді?
-Біздің абитуриенттер түрік тілін жетік меңгермегеннен қиналып қалып жатады. Сондықтан Түркияға оқуға түсем деушілер түрік тілін мектеп кезінен үйрене бергені дұрыс. Екіншіден, жиі кездесетін қиындық - балалардың жасы. Түркияда 18-ге толмаған балаларға көп шектеулер қойылған, олардың қасында бас-көз болатын ресми сенім білдірілген адам болуы, әке-шешесінің рұқсаты болуы керек. Біздің балалар 6 жасында мектепке барады, 11 жыл оқып, 17 жасында мектеп бітіреді. Кейбір басқа елдер секілді Түркияда да 12 жылдық жүйе. Бізде де солай жасаса, түлектер 18 жасында кәмелетке толған толық құқылы азамат боп шығар еді.
Түркия университеттерінде оқу оңай емес. Талап өте жоғары. Сессия кезінде студенттер кітапханаларға түнейді. Оған өз ана тілің емес, түрік тілінде білім алатыныңды қос. 1 жыл дайындық курсы ТОМЕР-де түрік тілін үйретсе де, факультет бастағанда ол жеткіліксіз боп жатады. Ал ходжалар (мұғалімдер) сенің түсінбегеніңе, тіл білмегеніңе қарамайды. Шыны керек, көптеген балалар мұндай жүкті көтере алмай, оқудан шығып кетіп жатады. Сондықтан түлектерге дүрмекке , өтірік жарнамаларға ермей, өзіңді психологиялық тұрғыдан дайындап, біліміңді жетілдіріп, тілді жетік меңгеріп барып факультетті бастауға, университетте оқуға дайын болып келуге кеңес берер едім.
-Шетелдегі жоғары оқу орындарына түсу үшін еліміздегі ҰБТ нәтижелері қажет пе? Егер қажет болмаса, білім деңгейін қандай критерийлер бойынша айқындайды?
-ҰБТ-мен қабылдайтын бірнеше университеттер бар, әсіресе ҰБТ нәтижесі 90, 120 баллдан жоғары болған түлектердің жоғары рейтингілі оқу орындарына оқуға түсуге мүмкіндігі көп.
-Түркия оқу орындарынан алған дипломдар өз елімізде пайдаға аса ма? Жалпы қай елдерде жарамды?
-Түркия университеттері дипломдары елімізде жарамды. Өйткені Түркияның 73 университі еуропалық үлгідегі “Diploma supplement” береді. Олар Қазақстанда автоматты түрде жарамды. Басқа университет дипломдарын ,егер жұмыс беруші талап етсе, Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы легализация жасауға болады. Әдетте дипломдардың легализациясы студент Қазақстандағы қандай да бір университетте оқуын жалғастыратын болса ғана қажет. Мәселен, ауысатын болса я магистратураға түсетін болса… Әйтпесе жұмыс берушілер талап етпейді.
Жалпы,Түркия университеттерінің дипломдары қай елде де жарамды. Тек ол дипломдарды әр ел өз шартына қарай мойындайды. Мысалы, Индияда, Ауғанстанда арнайы сынақ тапсыруы керек екен. Ал Еуропа елдерінде көп дипломдар жарамды, әсіресе Еуропа Университеттері Ассоциациясына кіретін университеттер, көк түсті қосымша диплом беретін университеттер. Бірақ, айта кететін бір мәселе, қай университетті бітіргенің емес, қалай бітіргенің маңызды! Яғни, өз елінде 4 жыл бойы жоғары бағамен оқу бітірген студенттің дипломы, әлбетте, бәсекеге төтеп бере алады. Әйтпесе қаншама мың студент жыл сайын жоғары оқу орнынан түлеп ұшады! Неге жұмыс беруші сені таңдауы керек? Тек Түркияның бір университетінің дипломын алғаның үшін бе? Әрине, жоқ.
-Түркиядан оқу бітірген түлектер елге қайта ма, әлде сол жақта қалуды қалай ма? Бұл туралы статистика болса, айта кетсеңіз…
-Қазақстанда Түркия университеттері түлектерінің қоғамы ашылды. Сондағы мәлімет бойынша, Қазақстанда Түркиядан оқу бітіріп жұмыс істеп жүрген 7000-дай түлек бар екен. Бұл сан әлі де көбейетіні анық.
Сұхбатыңызға рахмет!
-->- Мәншүк ханым, биыл елімізден Түркияға оқуға түсуге ынта білдіріп отырғандардың саны өткен жылдармен салыстырғанда қаншалықты?