Білім

Мұғалімдердің білімін бағалау: Өтініш 10 шілдеге дейін қабылданады

Елімізде мұғалімдердің білімін бағалау сынағына өтініш қабылдау жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап. 

Өтініш 6-10 шілде аралығында app.testcenter.kz сайтында қабылданады.

Ескерту: бос орындар қалмаған жағдайда өтініш қабылдау мерзімінен бұрын аяқталады.

Ал педагогтың білімін бағалау емтиханы 10-19 шілдеге жоспарланған. 

Білім бағалау сынағына келесі топтар қатыса алады: 

мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері;

білім беру ұйымдарының әдіскерлері (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа);

жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері;

қосымша білім беру ұйымдарының (интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін) педагогтері;

білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының (жалпы білім беретін пәндер бойынша, сондай-ақ жалпы кәсіптік және арнайы, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша) педагогтері;

педагогикалық бағыттар бойынша жоо және колледж бітіруші түлектері (күндізгі бакалавриат, қысқартылған бакалавриат, магистратура);

педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар (оның ішінде 2022 жылғы түлектер);

педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін тұлғалар.

-->