Ұлттық тестілеу орталығы байқау сынақтарының базасын жаңартты
Негізгі ҰБТ-ның алдында ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы тегін байқау сынақтарының базасын жаңартты. Тестілеу онлайн форматта орталықтың сайтында жүзеге асырылады, деп хабарлады Elorda.info.
Байқау сынағы оқуға түсушілерге ҰБТ-ға дайындалуға көмек ретінде әзірленді. Талапкерлерге ҰТО сайтында тегін онлайн тестілеуден өту мүмкіндігі беріледі. Ол үшін тестіленушілерге тек ЖСН теріп, бейіндік пәндердің комбинациясын таңдап, байқау сынағына кірісу қажет.
Естеріңізге сала кетейік, 14 мамырға дейін негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау жүргізіледі. Тестілеудің өзі 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді. Талапкерлер ҰБТ-ны 2 рет тапсырып, ең жақсы нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.
Талапкерлердің негізгі ҰБТ-ға дайындығын жақсарту мақсатында өткен жылы әр пән бойынша жеке тақырыптық талдау енгізілді. Яғни, әр ҰБТ-дан кейін (қаңтар, наурыз) түлектерге жеке тақырыптар бойынша білімдерін арттыру ұсынылады. Сонымен қатар, негізгі ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігін тапсырғаннан кейін олар екінші мүмкіндікке дейін дайындықтарын жақсарта алады.
Осылайша, Ғылым және жоғары білім министрлігі талапкерлерге қолайлы жағдай жасау үшін барлық шараларды қабылдап жатыр.
-->Негізгі ҰБТ-ның алдында ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы тегін байқау сынақтарының базасын жаңартты. Тестілеу онлайн форматта орталықтың сайтында жүзеге асырылады, деп хабарлады Elorda.info.
Байқау сынағы оқуға түсушілерге ҰБТ-ға дайындалуға көмек ретінде әзірленді. Талапкерлерге ҰТО сайтында тегін онлайн тестілеуден өту мүмкіндігі беріледі. Ол үшін тестіленушілерге тек ЖСН теріп, бейіндік пәндердің комбинациясын таңдап, байқау сынағына кірісу қажет.
Оқу жылының басынан бастап тегін онлайн тестілеу 1,5 млн рет тапсырылған. Атап өтсем, бұл жаттығу тестін біз қазан айында іске қосып, желтоқсанда сұрақтар базасын жаңартқан болатынбыз. Осы жолы балалардың маңызды емтиханға дайындығын жақсарту үшін тағы да бірнеше нұсқа қосу туралы шешім қабылдадық, – деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Естеріңізге сала кетейік, 14 мамырға дейін негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау жүргізіледі. Тестілеудің өзі 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді. Талапкерлер ҰБТ-ны 2 рет тапсырып, ең жақсы нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.
Талапкерлердің негізгі ҰБТ-ға дайындығын жақсарту мақсатында өткен жылы әр пән бойынша жеке тақырыптық талдау енгізілді. Яғни, әр ҰБТ-дан кейін (қаңтар, наурыз) түлектерге жеке тақырыптар бойынша білімдерін арттыру ұсынылады. Сонымен қатар, негізгі ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігін тапсырғаннан кейін олар екінші мүмкіндікке дейін дайындықтарын жақсарта алады.
Білім беру орталықтарымен бірлесіп, тегін онлайн сабақтарды жалғастырдық. Ал оқу жылының басында ҰТО сайтында тест тапсырмалары құрастырылған әдебиеттер тізімі мен тест жоспары; «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша 100 тарихи дата тізімі; «Информатика» пәнінен терминдер тізімі; «Қазақ әдебиеті» және «Орыс әдебиеті» бойынша әдеби шығармалар тізімі жарияланды. Дайындық сапасын жақсарту үшін осы және басқа да қабылданған шаралар түлектерімізге тестілеуде жоғары нәтиже көрсетуге көмектеседі деп үміттенеміз, – деді Р.Емелбаев.
Осылайша, Ғылым және жоғары білім министрлігі талапкерлерге қолайлы жағдай жасау үшін барлық шараларды қабылдап жатыр.