Грант конкурсының нәтижелерін қайдан көруге болады
Барлық талапкерлер мен олардың ата-аналары мемлекеттік грант конкурсының қорытындысын асыға күтеді. Осы ретте «Грант конкурсының нәтижелерін қайдан көруге болады?» деген сұрақ жиі қойылады. Осыған орай Ғылым және жоғары білім министрлігі грант нәтижелерін көруге болатын интернет ресурстар тізімін жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ведомство мәліметінше, бұл 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланатын сенімді әрі негізгі дереккөздер. Олардың қатарында министрлік пен министр Саясат Нұрбектің Instagram, Facebook, Telegram және ресми интернет ресурстары бар. Сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығының ресми парақшаларынан да грант қорытындысын білуге болады. Олар:
Ғылым және жоғары білім министрінің ресми парақшалары:
Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ақпарат көздері:
gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk
facebook.com/gylym.jogarybilim
instagram.com/gylym_jogarybilim
Ұлттық тестілеу орталығының ресми парақшалары:
t.me/uto92https://www.instagram.com/testcenterkz
Айта кетейік, грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.