Білім

Есіл мен Нұра аудандарында 15 мектеп салынады

2024-2025 жылдары ұлттық жоба аясында Астанада 24 жайлы мектеп салынады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

2024-2025 жылдары ұлттық жоба аясында қаламызда 24 жайлы мектеп салынады.

Елді мекендердегі өзекті мәселелердің бірі – апатты жағдайдағы тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу.

-->

Аудандарымыз бен елді мекендеріміздің тұрғындарымен тұрақты кездесіп тұрамын. Пригородный елді мекенінің (Есіл ауданы) тұрғындарымен кездестім. Өткен кездесудің қорытындысы бойынша біз «Жол картасын» жасаған едік, онда 30-дан аса түрлі мәселе қарастырылды. Бүгінгі кездесуде осы мәселелерге жан-жақты шолу жасалды: 19 мәселе шешілді, тағы 12-сін шешу жұмысы жүріп жатыр.Кездесуде тұрғындар өзекті мәселелер көтерді: жолдар, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер салу, апатты жағдайдағы ескі тұрғын үйлерді бұзу, газдандыру, әлеуметтік нысандар салу, - деді әкім.

2024-2025 жылдары ұлттық жоба аясында қаламызда 24 жайлы мектеп салынады.

 Оның 15-і Есіл және Нұра аудандарында орналасады, сол сияқты жаңа форматтағы мектеп Пригородный елді мекенінде де болады.Сонымен қатар кездесу барысында тұрғындар бассейн мәселесін көтерді. Қалада бассейнге деген қажеттілік бар. Алдағы 3 жылда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 15 оқушылар сарайын салуды жоспарлап отырмыз. Олардың бірі Пригородный елді мекенінде орналасады, тиісінше онда бассейн де болады, - деді шаһар басшысы.

Елді мекендердегі өзекті мәселелердің бірі – апатты жағдайдағы тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу.

 2024 жылы мұндай үйлерден тағы 700 тұрғынды көшіруді жоспарлап отырмыз.Бүгінгі тұрғындармен кездесуден кейін ең алдымен қандай мәселелерді шешуіміз керек екенін анықтайтын боламыз, - деп сөзін түйіндеді Жеңіс Қасымбек.