Білім

Елордалық университет талапкерлерге құжат тапсыру әдісін жеңілдетті

Maqsut Narikbayev University еліміздің әр өңірінен келген талапкерлер үшін қолжетімділік пен ыңғайлылықты арттыру мақсатында виртуалды қабылдау процесін сәтті жүзеге асырды. Бұдан былай талапкерлер электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы оқу шартына қол қоя алады, деп хабарлады Elorda.info Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңа қабылдау процесінің негізгі артықшылықтарының бірі - CRM жүйесі арқылы әрбір талапкерге жеке кеңесші тағайындау. Жеке кеңесші талапкердің оқуға түсуіне дейінгі процесстерді толықтай өз назарында ұстайтын болады. Бұл әр кезеңде уақытылы және сапалы қолдауды көрсетуге бағытталған. Сондай-ақ, талапкерлердің жайлылығын қамтамасыз етіп, виртуалды-консультациялар өткізу үшін Whereby платформасы пайдаланылады.

Ақтау қаласында  ЖОО-ға құжаттарды электронды түрде тапсыру рәсімін сәтті пайдаланған талапкердің ата-анасы өз пікірін білдірді.

Электрондық қолтаңбаны пайдалану үшін талапкердің ата-анасы алдымен электрондық құжат айналымының есепке алу жүйесіне тіркелді. Содан кейін өзінің ЭЦҚ дербес кілтін пайдалана отырып, университетпен шарт жасасты. Бұл тәсіл ата-аналарға қонақүйде тұруға және екі жаққа ұшуға кететін ақшаны айтарлықтай үнемдеді.

Сонымен қатар кеңес беру аяқталғаннан кейін әрбір талапкер кеңесшінің жұмысы туралы бағалау мен пікір қалдыра алады. Бұл болашақта көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға өз септігін тигізеді.

-->

Ақтау қаласында тұратындықтан барлық қажетті құжаттарды онлайн тапсыру бізге өте ыңғайлы болды. Қабылдау комиссиясына жүгініп, Нұрай атты қызды жеке кеңесші ретінде таңдадық. Кеңесшіміз бүкіл өтініш беру процесінде бізбен байланыста болып, қабылдау үшін барлық қажетті құжаттарды жинауға көмектесті, - деді ата-ана.