Елордалық оқушылар дүниежүзілік олимпиадада жеңімпаз атанды
Панама қаласында өткен робототехника бойынша дүниежүзілік «World Robot Olympiad» олимпиадасында қазақстандық оқушылар жеңімпаз атанды, деп хабарлады Elorda.info.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, сайыста 80-нен астам мемлекеттің 10-19 жас аралығындағы 6-11-сынып оқушылары қатысқан.
Робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиаданың қорытындысы бойынша, қазақстандық үш команда жүлдегер атанды.
Олар:
«Future Engineers» категориясында астаналық 10-сынып оқушылары Аңсар Сауырбаев және Әмір Қарабаев 2-орын (күміс);
«Robo Mission» категориясында Астана қаласының 8-9-сынып оқушылары Вагиз Дисембаев пен Жанарыс Қапаров 3-орын (қола);
«Future Engineers» категориясында Қызылорда қаласының 11-сынып оқушылары Максим Усольцев пен Дінмұхамед Әбдиев 3-орын (қола).
Айта кетейік, дүниежүзілік роботтар олимпиадасы ең алғаш 2004 жылы Сингапурда 1-ші роботтар сайыс-фестивалі ретінде өткен болатын. Қазақстан аталған олимпиадаға 2014 жылдан бері қатысып келеді.
-->Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, сайыста 80-нен астам мемлекеттің 10-19 жас аралығындағы 6-11-сынып оқушылары қатысқан.