Білім

Елордада жоғары білім және ғылым форумы өтеді

24 тамызда Астанада тұңғыш рет Жоғары білім және ғылым форумы өтеді, деп хабарлады Elorda.info

Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, форумның тақырыбы елдің экономикалық өсуінің негізі ретінде адами капиталды дамытуға арналады.

Форумға білім және ғылым жүйесінің қызметкерлері, ЖОО және ҒЗИ басшылары, қоғамдық кеңес өкілдері, ЖОО директорлар кеңесінің мүшелері, жас ғалымдар кеңесі, студенттер, сарапшылар және басқалар қатысады.

Форум аясында Назарбаев Университетінде және IT-Университетте жоғары білім және ғылым, Л.Н. Гумилева атындағы ЕҰУ-да тіл саясаты бойынша тақырыптық секциялық отырыстар өткізу жоспарлануда.

Форумның пленарлық отырысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов форум қатысушыларына видео арқылы құттықтау сөз сөйлейді.

Форумның секциялық отырыстары министрліктің Facebook және YouTube парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.

-->

 Форумда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, профессор, Heriot-Watt University проректорының орынбасары (академиялық басшылық) Тadhg O'donovan, Қазақстандағы De Montfort университетінің президенті Sakina Zafar, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев және басқалар сөз сөйлейді,-делінген ведомство таратқан ақпаратта. 