Білім

Елордада «Кәсіпкерлік бастауы» мамандықтар шеруі өтті

Астана қаласы Сервис және туризм колледжінде жастарға қызмет көрсету саласы мен техникалық мамандықтарды насихаттау мақсатында «Кәсіпкерлік бастауы» мамандықтар шеруі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Колледж директоры С. Басыгараеваның айтуынша, болашақ мамандықты және оқу орнын таңдау – әр адамның өміріндегі ең маңызды және жауапты сәттердің бірі! Кәсіби өсу, мансап және өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктері алған білім сапасына байланысты. Осы орайда, іс-шара еңбекті ынталандыруға, жастар арасында қызмет көрсету саласы, техникалық, жұмысшы мамандықтарды танымал етуге, еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін нығайтуға бағытталды.

ор1.jpg

Іс-шара барысында құрметті қонақтар мен мектеп оқушыларына заманауи жылыжай, автомобиль көліктерінің шеберханалары, «Ландшафтық дизайн», «Флористика», 3D кабинеті мен қонақ үй бизнесі мамандығы бойынша шеберханалары таныстырылды. Сонымен қатар қатысушыларға халықаралық экогастрономиялық Slow Food жобасы аясында «Жылыжайдан дастарханға» ұранымен «Қиярдан жасалған смузи», «Дәмді құймақ жасаудың құпиялары», «Ұлттық тағам - май сөк әзірлеу», оригами техникасы бойынша «Жазғы көңіл-күй», «Менің арманымдағы Туризм саласындағы жұмыс» тақырыптарында жастар шеберлігі көрсетілді. 

ор2.jpg

Ерекше білім беруді қажет ететін балалар имбирь тәтті тоқаштары мен өзгеше коктейльдер жасау жолдарымен танысты. 

ор3.jpg

Мамандықтар шеруіне колледждің қамқоршылық және индустриалды кеңестерінің мүшелері, БАҚ өкілдері, әлеуметтік серіктестер, мектеп оқушылары қатысты.

Қалиакбар ҮСЕМХАНҰЛЫ

-->