Елордада «BIG THINK» жастар форумы өтті
Мектеп-гимназия мен Астана қаласы Білім басқармасы «Әдістемелік орталығы» бірлесіп ұйымдастырған форумға қала мектептерінен 1-3 жыл еңбек өтілі бар жас мамандар шақырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Форум модераторы Азамат Сайлаубаев іс-шара басында «BIG THINK» ұғымы туралы қысқаша ақпарат беріп өтті. Форумды мектеп-гимназия директоры Мәди Серікұлы сөз сөйлеп ашты.
Астана қаласы Білім басқармасынының әдіскері Күнімбала Баяхметбаева мамандармен кездесу биылғы алғашқы бастама болып отырғанын айтты.
Бұдан кейін жас маман, физика пәні мұғалімі Дархан Берденов «Менің бүгінім мен болашағым» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Ал информатика пәні мұғалімі Аружан Үйсінбаева «Шынайы өмір мен әлеуметтік желі» тақырыбында сөйледі.
Ал бұдан соң педагог-зерттеуші, ұлағатты ұстаздар жастарға өз тағылымдамаларын көрсетті.
Форум жас мамандар ұйымдастырылған кішігірім концертпен аяқталды.
-->Форум модераторы Азамат Сайлаубаев іс-шара басында «BIG THINK» ұғымы туралы қысқаша ақпарат беріп өтті. Форумды мектеп-гимназия директоры Мәди Серікұлы сөз сөйлеп ашты.
Осы форумда елордадағы белсенді жастар жиналып отыр. Осындай жастар арқылы біз болашағымыздың негізін құра аламыз. «BIG THINK»-ті ұйымдастырудағы мақсатымыз – жас мамандардың үнін тыңдау, ойларын білу. Әрі өз мектебіміздің брендтерін көрсетіп, тәжірибемізбен бөлісу, - деген мектеп-гимназия директоры форум қатысушыларына сәттілік тіледі.
Астана қаласы Білім басқармасынының әдіскері Күнімбала Баяхметбаева мамандармен кездесу биылғы алғашқы бастама болып отырғанын айтты.
Білім саласындағы ең үлкен өзгерістердің бірі – «Мың көшбасшы» бағдарламасы. Бағдарлама арқылы мамандар саясаты оңынан шешілмек. Осы арқылы біз ұстаздардың «Кәсіби деңгейі мен даму динамикасы қандай?», «Жаңа дәуірдің ұрпағына қандай білім беруде?» деген сауалдарға жауап аламыз. Бүгінгі іс-шара да осындай мақсатта өтіп жатыр. Тырнақалды жобамыз кейін де жалғасын табатын болады, - деді Күнімбала Баяхметбаева.