Елордада баспасөз хатшыларына арналған тренинг өтіп жатыр
Елордада медиа сарапшы, журналист, қоғаммен байланыс және коммуникация саласының маманы, «Цифрлық дәуірдегі баспасөз қызметі» кітабының авторы Маргерит Хокси Салливан мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың баспасөз хатшылары үшін тренингтер мен уоркшоптар өткізді, деп хабарлады Elorda.info Қазақстандық қоғамдық даму институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиынның мақсаты – баспасөз хатшыларының кәсібилігін жетілдіру және біліктілігін арттыру.
Уоркшоптар баспасөз хатшыларының қоғаммен сауатты қарым-қатынас орнатуы, мемлекеттік мекемелердің коммуникация қызметінің стратегиясын ұйымдастыру, кризистік жағдайларда жұмыс істеу, сондай-ақ әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың имиджін қалыптастырудың заманауи техникаларын меңгеру сынды бағыттарды қамтыды.
Тренинг барысында Маргерит Хокси Салливан хабарлама тілінің түсінікті, нақты болуы керек екенін айтып өтіп, аудиториямен дұрыс қарым-қатынас орнатудың маңызына тоқталды.
Бұл іс-шараны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, қазақстандық қоғамдық даму институты, АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі және «MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY» ұйымдастырып отыр.
-->Елордада медиа сарапшы, журналист, қоғаммен байланыс және коммуникация саласының маманы, «Цифрлық дәуірдегі баспасөз қызметі» кітабының авторы Маргерит Хокси Салливан мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың баспасөз хатшылары үшін тренингтер мен уоркшоптар өткізді, деп хабарлады Elorda.info Қазақстандық қоғамдық даму институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиынның мақсаты – баспасөз хатшыларының кәсібилігін жетілдіру және біліктілігін арттыру.
Уоркшоптар баспасөз хатшыларының қоғаммен сауатты қарым-қатынас орнатуы, мемлекеттік мекемелердің коммуникация қызметінің стратегиясын ұйымдастыру, кризистік жағдайларда жұмыс істеу, сондай-ақ әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың имиджін қалыптастырудың заманауи техникаларын меңгеру сынды бағыттарды қамтыды.
Тренинг барысында Маргерит Хокси Салливан хабарлама тілінің түсінікті, нақты болуы керек екенін айтып өтіп, аудиториямен дұрыс қарым-қатынас орнатудың маңызына тоқталды.
Баспасөз хатшысы аудиториясының кім екенін нақты білу керек. “Айтылған аргументтерге кім қарсы болады, кім қолдайды?”, “Ұсыныстарға кім келіседі?” деген сұрақтарға алдын ала жауап іздегені жөн. Өйткені, аудиторияның ұсынысқа қарсы аргумент айтуы мүмкін, осындай жағдайда коммуникация саласының маманы өз ой-пікірін дәлелдей алуы қажет. Сондай-ақ, ең бастысы, сенім мен адалдықты жоғалтпау керек, - деді спикер.
Бұл іс-шараны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, қазақстандық қоғамдық даму институты, АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі және «MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY» ұйымдастырып отыр.