Білім

Елордада алдағы уақытта 50-ге жуық мектеп бой көтереді

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек «Қазақстан» телеарнасындағы «Бас тақырып» бағдарламасында үш ауысымды мектептердің мәселесі туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Сондай-ақ елорда әкімі балабақша құрылысына тоқталып өтті.

-->

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек «Қазақстан» телеарнасындағы «Бас тақырып» бағдарламасында үш ауысымды мектептердің мәселесі туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгінде елордада 8 үш ауысымды мектеп бар. Биыл мектепті 8-9 мың түлек аяқтаса, 1-ші сыныпқа 26 мың оқушы барды. Бұл дегеніміз жыл сайын 12-13 мектеп салыну қажет дегенді білдіреді. Биылғы жаңа оқу жылында 11 мектеп ашылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» бағдарламасы негізінде 24 мектептің құрылысы басталды. Келесі жылы әкімдік 8 мектептің құрылысын бастайды. Одан бөлек қосымша жеке меншік мектептер салынады. Осылайша 50-ге жуық мектеп бой көтереді,- деді қала әкімі.

Сондай-ақ елорда әкімі балабақша құрылысына тоқталып өтті.

Елордада соңғы жылдары тек жеке меншік балабақшалар бой көтерді. Келесі жылдан бастап 60 мемлекеттік балабақша салуды жоспарлап отырмыз. Жоспар бойынша кезең-кезеңмен,- деді Жеңіс Қасымбек.