Елімізде жас ғалымдардың зерттеулерін қаржыландыру конкурсына өтінімдер қабылдау басталады
Қазақстанда «Жас ғалым» бағдарламасы бойынша 2026-2028 жылдарға арналған жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсына құжаттар қабылдау басталады, деп хабарлады Elordainfo.kz Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне сілтеме жасап.
Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары:
Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану;
Энергия, озық материалдар және көлік;
Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар;
Елдің зияткерлік әлеуеті;
Өмір және денсаулық туралы ғылым;
Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту;
Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік мамандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2026-2028 жылдарға арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.
«ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі (is.ncste.kz) арқылы өтінімдер беру бойынша кеңес алу үшін Call center: +7 (727) 344-11-10 (ішкі. 203, 210, 211, 213, 214, 218, 219, 221, 223, 226, 227, 230, 233, 234).
Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:00-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:00-ға дейін.
Ғылыми жетекшінің және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер Ғылым комитетіне электронды түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы беріледі.
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2025 жылғы 29 қыркүйек.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі - 2025 жылғы 29 қазан (қоса алғанда).