Білім

Елімізде ұстаздардың білімін бағалауға кезекті өтініш қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтердің білімін бағалауға өтініштер 19 - 21 қыркүйек аралығында Ұлттық тестілеу орталығының сайты мен мобильді қосымшасында қабылданады, деп хабарлады Elordainfo.kz орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кезекті педагогтердің білімін бағалау 21-29 тамыз аралығында өтеді.

«Бұл тестілеуге санаты жоқ үміткерлер, біліктілік санаттарын арттыратын және растайтын педагогтер қатыса алады. Білім беру ұйымының педагогтері педагогтердің білімін бағалауға бір күнтізбелік жыл ішінде 2 рет өтініш бере алады: бір рет тегін, бір рет ақылы», – делінген Ұлттық тестілеу орталығының хабарламасында. 

Бұған дейінгі педагогтердің білімін бағалау 21 - 29 тамыз аралығында өткен болатын.