Елімізде балаларға арналған SIM карта енгізіледі
Бұл туралы ОКҚ алаңында Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Министрлік балалардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы SIM карта енгізуге бастамашылық жасаған.
Оның бірқатар артықшылығы бар. Мәселен ата-ана бақылауы, қажетсіз контенттен қорғайтын сүзгілер орнатылған, геолокация арқылы баланың қай жерде екенін көруге мүмкіндік береді.
«Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, балалар SIM картасын пайдалану байланыс операторларының белсенді қолдауымен және цифрлық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бастамалармен сүйемелденеді», - деді ол.