Елімізде ата-аналардың 54 пайызы мектептегі сабаққа қатысуға дайын
«Ата-аналар академиясы» жобасында сабақ тақырыптарының қажеттілігін анықтау үшін сауалнама жүргізілді. Оған 12 526 адам қатысты, деп хабарлады Elorda.info Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының хабарлауынша, сауалнама ата-аналардың педагогикалық және психологиялық мәдениетін арттыру, баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді. «Ата-аналар академиясының» білім беру жобасы осы жауаптарға қарай ата-аналарды оқытудың тақырыптық бағыттары әзірленеді.
Сауалнамаға қатысқан 12 526 адамның 56,2%-ы ауыл, 43,8%-ы қала тұрғындары. Олардың 35,1% Түркістан, 10,5% Атырау, 10%-ы Жетісу облыстарынан, қалған 44,4%-ы еліміздің басқа өңірлерінің тұрғындары. Респонденттердің 54%-ы мектепте айына 1 рет күндізгі оқу нысанында өткізілетін сабақтарға қатысуға дайын.