Елімізде ғалымдарға қосымша ақша төленеді
Елімізде ғалымдарға қосымша ақша төленеді, деп хабарлады Elorda.info.
Ғалымдарға мемлекет тарапынан қолайлы жағдай жасау көзделіп отыр. Ғылым комитетінің төрағасы осылай айтты, деп жазады Хабар24.
Дархан Ахмед-Зәкидің айтуынша, ғалымдарға еңбекақысынан бөлек, ғылыми дәрежелеріне сәйкес, қосымша қаражат төленетін болады. Ондағы мақсат– жоғары оқу орнында жұмыс істейтін оқытушыларға қолдау көрсету. Сондай-ақ жастардың ғылым саласына деген қызығушылығын арттыру.
-->Елімізде ғалымдарға қосымша ақша төленеді, деп хабарлады Elorda.info.
Ғалымдарға мемлекет тарапынан қолайлы жағдай жасау көзделіп отыр. Ғылым комитетінің төрағасы осылай айтты, деп жазады Хабар24.
Дархан Ахмед-Зәкидің айтуынша, ғалымдарға еңбекақысынан бөлек, ғылыми дәрежелеріне сәйкес, қосымша қаражат төленетін болады. Ондағы мақсат– жоғары оқу орнында жұмыс істейтін оқытушыларға қолдау көрсету. Сондай-ақ жастардың ғылым саласына деген қызығушылығын арттыру.
Ғылыми саласында, университет саласында жұмыс жасап жүрген ұстаздар мен ғалымдарға қосымша төлемақы төленетін болады. Ол ғылыми атақ пен ғылыми дәрежеге. Ғылыми жобалардың жалпы саны мен көлемі өсті. Яғни жаңа ұсынылып отырған ұсыныстың өзінде ғылыми атаққа қосымша қаржыландыру сол жобалардың ішінде ескерілетін болады. Ол жастардың диссертация қорғаумен қатар, келешекте доценттен кейін профессор атағына дейін жетуге қолдау септігін тигізеді, - деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Зәки.