Білім

Елімізде 500-ден астам кәсіпорын колледждерге қолдау көрсетеді

Кәсіпорындардың колледждерге қамқорлығын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлады Elorda.info Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта 518 кәсіпорын 410 колледжге қамқорлық жасап, қамқоршылық кеңестер мен салалық кеңестер арқылы колледждерді басқаруға қатысып келеді.

Сонымен қатар, дуальды оқытуды өңірлерде тарату жалғасуда. Биыл еліміздегі 9 мың кәсіпорында дуальды оқыту аясында 91 мыңнан астам колледж студенті өндірістік тәжірибеден өтуде.

-->

«104 мыңнан астам студент кәсіби практикадан, 4 мыңнан астам педагог кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтті. Колледждер қамқорлық көрсететін кәсіпорындардың қатысуымен 4 мыңнан астам білім беру бағдарламасын жаңартты. Биыл мақсатты тапсырыс бойынша жұмысқа орналастыру міндеттемесімен тағы 10 мың студент қабылданады», - дейді Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.