Білім

Елімізде 5 мыңнан астам балабақшада тегін кеңес беру пункттері жұмыс істейді

Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдар жанында балабақшаға бармайтын балалардың ата-аналарын қолдауға бағытталған 5,5 мыңнан астам тегін кеңес беру пункттері жұмыс істейді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мұнда мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамыту бойынша кәсіби кеңестер алуға болады. Осылайша мемлекет отбасыларға айтарлықтай қолдау көрсетіп, балаларды мектепке дайындауда тең бастапқы жағдай жасайды.

Биыл 350 мыңнан астам ата-ана мен бала әдістемелік және педагогикалық қолдау алды.