Елдегі мектептерде 1 700-ден астам пәндік кабинет ашылады
2023-2024 жаңа оқу жылында 1000 пәндік кабинет ашу жоспарлануда, қосымша тағы 749 кабинет сатып алынады, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлімдеді.
Сонымен қатар, бүгінде инклюзияны қолдаудың 5 кабинеті пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы 37, ал 2027 жылға дейін 200 жаңа кабинетті ашу жоспарлануда. Еліміздің мектептерінде инклюзияны қолдау бойынша барлығы 646 кабинет жұмыс жасайды.
-->Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлімдеді.
Жыл сайын мемлекет тарапынан мектептердің құрылысы мен оларды жаңарту жұмыстарына қаржы бөлініп келеді. Соңғы үш жылдың өзінде 340 мың орындық 626 мектеп пайдалануға берілді. 2023-2024 оқу жылында 132 мың орындық 154 жаңа мектепті іске қосу жоспарлануда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл аяғына дейін шағын қалаларда, аудан орталықтары мен ауылдардағы 1000 мектеп 6 бағыт бойынша жаңғыртылады: күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, пәндік кабинеттермен жабдықталады, мектеп, кітапхана, асханалардың жиһаздары жаңартылады, сондай-ақ, балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі, - деді Е.Оспан.