Ел мектептерінде 1000-нан аса инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді
Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру мақсатында еліміздің мектептерінде 1051 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді, деп хабарлады Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Аталған кабинеттерде психологтар, арнайы және әлеуметтік педагогтер бар. Сондай-ақ педагог-ассистенттер ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қолайлы жағдай жасап, оларды мектеп ортасына бейімдеуге көмектеседі.
Бүгінгі таңда еліміздің өңірлерінде 218 ППТК және 105 ПМПК ашылған.