ЕҰУ студенті «Ар-ождан» атты музыкалық трек шығарды
Еуразия ұлттық университеті Көлік-энергетика факультетінің 4 курс студенті Дияс Таштиев «Ар-ұждан» атты музыкалық трек жазды, деп хабарлады Elorda.info.
ЕҰУ баспасөз қызметінің мәліметінше, болашақ энергетик тректің үзіндісі жасанды интеллект көмегімен дайындалған.
Дияс екі жылдан бері музыкамен айналысады. Ол бос уақытында әннің мәтіндерін жазады. Болашақ энергетик өзінің «Ар-ұждан» деген алғашқы музыкалық композициясын рэп стилінде шығарып, оның сниппетін ұсынды.
Дияс жаңа туындысын түлектердің ең ауқымды «ENU family day» кездесуінде таныстырды. Музыкалық туындыны бүгінде әртүрлі стриминг сервистері арқылы тыңдауға мүмкіндік бар.
Бос уақытында Дияс музыкамен айналысады, бизнес-идеяларды жүзеге асырады. Дарынды студент ЕҰУ бизнес-инкубаторы ұйымдастырған стартап-жобалар байқауында 2-ші орынға ие болды.
-->ЕҰУ баспасөз қызметінің мәліметінше, болашақ энергетик тректің үзіндісі жасанды интеллект көмегімен дайындалған.
Дияс екі жылдан бері музыкамен айналысады. Ол бос уақытында әннің мәтіндерін жазады. Болашақ энергетик өзінің «Ар-ұждан» деген алғашқы музыкалық композициясын рэп стилінде шығарып, оның сниппетін ұсынды.
Дияс жаңа туындысын түлектердің ең ауқымды «ENU family day» кездесуінде таныстырды. Музыкалық туындыны бүгінде әртүрлі стриминг сервистері арқылы тыңдауға мүмкіндік бар.
Композициямның екінші бөлімінде өзіме көмектесетін қағидалар туралы айтамын. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – ар-ұждан. Мен әрдайым кез-келген іске және оқуға адалдық тұрғысынан қараймын. Бұл маған жаңа биіктерге жетуге, өзіме және басқаларға адал болуға көмектеседі. Басқа адамдардың еңбегін бағалау, үлкендерді құрметтеу, қоқысты жинау бұл әдептіліктің маңызды және қарапайым ережелері. Бірақ кейде біз оларды ұмытып кетіп жатамыз. Ән мәтінін екі сағат ішінде жаздым және оған лайықты бит таптым. Сол күні кешке әннің алғашқы нұсқасын таныстарыма жібердім және бұл трек олардың көңілінен шықты, - деп бөлісті студент.
Бос уақытында Дияс музыкамен айналысады, бизнес-идеяларды жүзеге асырады. Дарынды студент ЕҰУ бизнес-инкубаторы ұйымдастырған стартап-жобалар байқауында 2-ші орынға ие болды.
Мен 4 жыл ішінде бірде-бір рет шәкіртақыны жоғалтқан емеспін. Ол данышпан болғандықтан немесе тапсырманы жаттаудан емес. Бұл - менің жауапкершілігім, өзіме қандай көзқарас болғанын қаласам, оқытушыларға да сондай көзқараспен қарау нәтижесі деп ойлаймын. Бизнесте клиенттермен, достармен көшеде, туыстармен отбасында және айналадағы басқа адамдармен де қарым-қатынаста осындай қағиданы ұстанамын, - деп атап өтті ЕҰУ студенті.