Білім

ЕҰУ павильоны ең ірі білім беру көрмесінде таныстырылды

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Австралиядағы ең ірі APAIE халықаралық жоғары білім конференциясында өз павильонын таныстырды. Биылғы жылы көрмеге әлемнің 300-ден астам жетекші университеттері қатысып, білім беру мүмкіндіктерін паш етті, деп хабарлады Elorda.info Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

ЕҰУ халықаралық білім берудің жаңа көкжиектеріне ұмтылып, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы позициясын нығайта түсті. Ұлттық университет ең ірі APAIE конференциясына екінші рет қатысып, халықаралық бағдарламалары мен жобаларын таныстырды. Көрмені 2 мыңнан астам делегат тамашалады.

Халықаралық конференцияға қатысушылар тұрақты дамуға, интернационалдандыруға, стратегиялық тұрақты серіктестікті кеңейтуге ерекше назар аударды. Бұл бағытта ЕҰУ өкілдері Тұрақты даму саясатын жүзеге асыру және тұрақтылық қағидаттарын оқу үдерісі мен университет өмірінің барлық аспектілеріне енгізу жайлы айтты.

Айта кету керек, APAIE – әлемнің түкпір-түкпіріндегі академиялық орта өкілдері арасында білім мен тәжірибе алмасуға арналған ең үлкен үш ірі алаңның бірі.

-->

ЕҰУ халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытып, студенттер мен оқытушылар үшін мүмкіндіктерді кеңейтуде. APAIE конференциясы біз үшін өте нәтижелі өтті. 50-ден астам университет өкілдерімен келіссөздер жүргізіп, Жапония мен Сингапурдың жетекші университеттерімен ынтымақтастық бағыттарын талқыладық. Шетелдік серіктестер ағылшын тіліндегі техникалық және инженерлік бағдарламаларымызға үлкен қызығушылық танытты. Біз әлемдегі ең үздік бизнес мектептерінің бірімен бірлескен білім беру бағдарламасын әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Халықаралық технологиялар трансферті инновациялық шешімдерді қолдануды кеңейтуге және университетіміздің халықаралық жобаларын дамытуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті ЕҰУ Стратегиялық даму жөніндегі проректоры Думан Айтмағамбетов.