Білім

ҰБТ-ны қалай стрессіз тапсыруға болады?

ҰБТ-ны тапсыруға санаулы күндер қалды. Тәжірибе көрсеткендей, ешбір емтихан қобалжусыз өтпейді. Балалар тесттегі кей сұрақтарға білмегендіктен емес, қорқыныш пен толқудың салдарынан дұрыс жауап бере алмай жатады. Ал осындай жағдайдың алдын алу үшін не істеу керек екенін Elorda.info тілшісіне Астана қаласы практикалық психологтар Ассоциациясының президенті Айқын Дүйсенбаев айтып берді. 

 Сонымен қатар ол бұл іске, ата-аналар мен педагогтар да қосылуы керек екенін айтты. 

Оның айтуынша, кей түлектер қалағанына емес, ҰБТ-дағы балы жеткен оқу орнына барып жатады. Мәселен, бір қыз балы соған жетіп тұрған соң «теплотехника» мамандығын таңдаған. Бірақ өзі мұның не екенін де білмейді. Бұл да қате. Өйткені өзі қаламаған мамандықты оқыған адам ертеңгі күні құлықсыз маман болады. 

Ал мұғалім, ата-ана талапты күшейтіп тұрған кезде психолог оқушыларға ешкімнің пікіріне тәуелді болмауды үйрету керек. Өйткені ҰБТ-ның маңыздылығын шамадан тыс көтеріп жіберу баланы үрейлендіріп, «ойдағыдай сынақтан өтпесем, өмірде жолым болмағаны» деген ойға жетелеп, тіпті суицидке итермелеуі мүмкін. Мұндай жағдайда ата-ана оқуға түсудің басқа да көп жолдары бар екенін түсіндіру керек. Әрі қандай нәтиже болса да қолдап, ұл-қызының жанында демеу болатындарын айту маңызды.

Психолог, сонымен қатар, емтихан алдында үш күн бұрын дайындықты тоқтатып, тынығудың көп көмектесетінін айтты. Өйткені миға демалыс бермей, ертеңгі емтиханға дейін сабақ жаттау жақсы нәтиже бермейді, керісінше ҰБТ күні бала бәрін ұмытып қалуы мүмкін. Зерттеулердің қорытындысында, жылдар бойы сіңіріп алынбаған, тек емтихан алдында жанталаса жаттап алынған білім бір аптадан кейін ұмтылады екен. Ал бізге жатталғаны ұмтылған соң қалған білім маңызды.

-->

ҰБТ тапсыруға оқушы бірнеше жыл бұрын дайындықты бастайды. Сынақты тапсырар алдында бестікке оқитын бала да, үштікке оқитын бала да уайымдайды. Әрине бестікке оқитын оқушының жауапкершілігі тіптен үлкен. Бағасын ақтап, бекіту керек. Ал мұндай кезде оларға психологтардың көмегі ауадай қажет, - деді ол. 

 Сонымен қатар ол бұл іске, ата-аналар мен педагогтар да қосылуы керек екенін айтты. 

 Бұл кезде оқушылармен етене араласып, олардың жан сырымен, ішкі қорқыныштарымен бөлісуіне қолайлы жағдай жасау керек. Егер бала қандай да қорқынышын айтып қалған жағдайда «мына түрімен сынақ тапсыра алмайды-ау» деп байбалам салғанша «сенің қолыңнан келеді», «бәрі жақсы болады» деп жігерін жаныған жөн. Бала емтихан тапсырарда ең бірінші «ата-анамның үмітін ақтай алам ба?» деп уайымдайды. Сондықтан мұндай кезде балаға ҰБТ-ны ойдағыдай тапсыра алмаған жағдайда өмір тоқтап қалмайтынын, басқа да жолдар көп екенін түсіндіру керек. Мысалы, грант болмаса, ақылы оқу орындарын таңдауға болатынын айтса болады. Тағы бір мысал, бір қыз бала жеткілікті балл жинай алмаса, тіпті Қытайға, болмаса басқа шетелге оқуға болатынын айтқан еді. Сәйкесінше бұл оқушыда стресс болмағандықтан, емтиханды ойдағыдай тапсырды, - деді Айқын Дүйсенбаев.

Оның айтуынша, кей түлектер қалағанына емес, ҰБТ-дағы балы жеткен оқу орнына барып жатады. Мәселен, бір қыз балы соған жетіп тұрған соң «теплотехника» мамандығын таңдаған. Бірақ өзі мұның не екенін де білмейді. Бұл да қате. Өйткені өзі қаламаған мамандықты оқыған адам ертеңгі күні құлықсыз маман болады. 

Өкінішке қарай, баласы ойдағыдай сынақтан өтпесе, ұрып-соғатын ата-аналар әлі бар. Әке-шеше «балам ел қатарлы болмай қалады» деп шыр-пыр болса, мұғалім «мектептің рейтингі түсіп кетеді-ау» деп жанталасады. Мұндай кезде сіздің көңіл күйіңіз балаға берілетінін ұмытпаңыз. Бала сіздің қолдауыңызға зәру, - деді ол. 