Білім

ҰБТ-да Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат беріледі

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

ҰТО басшысы Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында Атырау қаласы мектептерінің түлектерімен кездесу өткізіп, Менделеев (Химиялық элементтердің периодтық жүйесі) және тұздар ерігіштігі кестесінің басып шығарылған нұсқасын көрсетті.

ҰТО директоры өз сөзінде, талапкерлер кестенің электрондық немесе қағаз форматын да қолдана алатынын айтты. Сондай-ақ, ол талапкерлерге қағаз нұсқасын тест әкімшілері ҰБТ-ның өзінде беретінін ескертті.

-->

Баршаңызға мәлім, «Химия» пәнін тапсырушыларға Менделеев және тұздар ерігіштігі кестесі компьютерде беріледі. Алайда түлектер оның қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат сұрады. Осыған дейін айтқанымдай, біз 2023 жылғы ҰБТ-да тестіленушілердің қалауы бойынша кестелердің қағаз нұсқасын беру туралы шешім қабылдадық, - деді Руслан Емелбаев.