ҰБТ-да қағаз бен қалам әкелуге рұқсат етілмейді
Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ сынағын өткізудегі жаңа бір талапты хабарлады, деп хабарлады Elorda.info.
Жаңа талапқа сәйкес, сынақ тапсыруға үміткерлер өзімен бірге енді қалам мен қағаз алып кіре алмайды.
Қалам мен қағазды тест тапсырушыларға тестілеу әкімшілері, яғни кезекшілер береді.
-->Жаңа талапқа сәйкес, сынақ тапсыруға үміткерлер өзімен бірге енді қалам мен қағаз алып кіре алмайды.
"ҰБТ-да ереже бұзушылықтың алдын алу мақсатында бұдан былай талапкерлерге тестілеуге қалам әкелуге рұқсат етілмейді. Тестілеуге кіргізу тек жеке куәлік бойынша жүзеге асырылады. Сондай-ақ, өзіңізбен су және шоколад алып кірсеңіз болады", – делінген Ұлттық тестілеу орталығының хабарламасында.
Қалам мен қағазды тест тапсырушыларға тестілеу әкімшілері, яғни кезекшілер береді.