Білім

«Болашақ» стипендиясы иегерлерлерінің тізімі жарияланды

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімімен 271 қазақстандық халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz Халықаралық бағдарламалар орталығының Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.

«Стипендия иегерлерінің 136-сы – магистратура, 8-і докторантурада оқиды. Сондай-ақ 127 азамат әлемнің ең үздік университеттері мен орталықтарында тағылымдамадан өтеді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар 170 азамат шетелдің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия алды.

Грант жеңімпаздарының толық тізімімен мына жерден көруге болады.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, 1993 жылы құрылған «Болашақ» бағдарламасының мақсаты – ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандарды даярлау. Бағдарлама академиялық оқуды (магистратура, докторантура) және әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуді қамтиды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі N 301 қаулысымен жарғылық капиталға мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы құрылды.

Қызметтің негізгі нысаны – кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша халықаралық бағдарламалар, соның ішінде Қазақстан Республикасы президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру.