Білім

Білім беру ұйымдарында қауіпсіздік күшейтіледі

Білім беру ұйымдарының 90% ішкі істер жедел басқару орталықтарына қосылған, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы еліміздің  Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.

Оқу-ағарту министрлігі балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспардың жобасын әзірледі. Мектептердің психологиялық көмек  көрсетуі қызметінің автоматтандырылған жүйесін іске қосу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ арнайы мектеп автобустарының паркі жаңартылып жатыр. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оқу үдерісінде 27 мың баланы тасымалдауды қамтамасыз ететін 515 көлік сатып алынды.

-->

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарының 90%-ы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтарына қосылған, лицензиясы бар күзетшілермен қамтамасыз етіліп, арнайы дабыл түймелері орнатылған. Бұл жұмысты 100 пайызға жеткізу керек, - деді министр Ғани Бейсембаев.