Білім

Бүгін тамыз айында өтетін ҰБТ басталды

Бүгін тамыз  айындағы тестілеу 15 тамызға дейін жалғасады. Оған қатысу үшін 17 мыңнан астам өтініш қабылданды, деп хабарлады Elorda.info Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

ҰБТ-ға қатысушылардың 66 пайызға жуығы қазақ тілінде, 34 пайызы орыс тілінде, 53 адам ағылшын тілінде тест тапсыруға ниет білдірді. Бірінші күні 4499 адам емтихан тапсырады.

Тамыздағы ҰБТ белгіленген шекті балл жинай алмаған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін нәтижелері бар, ҰБТ нәтижелері жойылған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі. Тіркелу кезінде тестіленушілер емтихан өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдады.

Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

-->