Білім

Бүгін елімізде оқу жылын 3 млн 700 мыңнан аса оқушы аяқтады

Бүгін оқу жылының соңғы күнінде елімізде 3 млн 700 мыңнан аса оқушы оқу жылын аяқтап жатыр, деп хабарлады Elorda.info

Оқу-ағарту министрлігі биыл 172 мың түлек 11-сынып бітіргенін, оның 6 мың 800-і – «Алтын белгі» үміткері екенін мәлім етті. Ал 9-сыныпты 288 мыңнан аса түлек тәмамдаған. 1-10-сыныптар аралығындағы балалардың 85,3%-ы жазғы демалыс және сауықтырумен қамтылатын болады. Бұл – ел бойынша 2 млн 800 мың бала. Оның ішінде 500 мың жекелеген санаттағы отбасы балалары бар.

Балалар демалысын ұйымдастыру үшін 218 қала сыртындағы және 10 200 мектеп жанындағы, профилдік, шатырлы лагерь жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар «Этноауыл», «Жаздық жолдама» жобалары іске асады. Жетекші университеттер жанындағы жазғы және олимпиадалық резерв мектептері жұмыс істейді.

Жазғы демалыста 1 млн 400 мың бала үшін қосымша білім беру мекемелеріндегі секциялар мен үйірмелер ашылады. Балаларды ғылыми-техникалық, музыкалық, көркемдік, экологиялық, туристік және басқа да бағыттардағы 11 мың үйірме қабылдайды.

Сондай-ақ балалар «Жасыл ел» бағдарламасы шеңберінде көгалдандырумен шұғылданады, еліміздің киелі жерлеріне саяхаттап, спорттық-жаттықтыру жиындарында шынығып, тілдік курстарға қатыса алады.

-->