Білім

Қазақстандықтар жасанды интеллект бойынша тегін оқи алады

Astana Hub Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer жасанды интеллект мектебі Tomorrow School-дың үшінші легіне өтінімдер қабылдап жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Tomorrow School жасанды интеллект саласындағы білімді тереңдетудің бірегей мүмкіндігін ұсынады. Қатысушылар алдын ала бағдарламалау тәжірибесін қажет етпейтін тең дәрежелі жүйеге негізделген 01 Edu платформасында оқи алады. Студенттер бірқатар мамандықты таңдай алады, соның ішінде AI-инженері, бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуші, толық стек-әзірлеушісі, мобильді қосымшалар әзірлеуші, DevOps инженері, IT жүйелерінің архитекторы, киберқауіпсіздік маманы және видеойындар әзірлеуші бар.

Tomorrow School-да білім алу ерекшеліктері бар. Атап айтқанда, мұғалімдер мен дәстүрлі сабақтар жоқ, оқыту студенттердің өзара көмегі мен топтық жұмысына негізделген. Барлық студентте Астана қаласындағы Astana Hub технопаркі алаңында соңғы үлгідегі iMac компьютерлерінде оффлайн форматта тегін оқиды. Мектеп тәулік бойы жұмыс істейді, яғни студенттер өздеріне ыңғайлы оқу кестесін құра алады.

 Оқуға түсу үшін бағдарламалау бойынша алдын ала тәжірибе талап етілмейді. Іріктеу барысында жоғары нәтиже көрсеткен аймақ студенттерінде негізгі оқу кезеңінде Астанада тұру үшін жеңілдетілген арнайы мүмкіндік бар.

Аталған курсқа 18 жастан асқан кез келген азамат қатыса алады. 2025 жылдың 17 қаңтарына дейін қабылданады.