Білім

Қазақстандықтар оқулықтар мазмұнын талқылауға қатыса алады

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, talkylau.ebmso.edu.kz сайтында оқулықтар мазмұнының сапасы, құрылымы, әдістемелік тәсілдері, баяндау тілі мен безендірілуіне қатысты қоғам мен ғылыми-педагогикалық қауымдастық өкілдері пікірлерін білдіре алады. 

Онда жаңадан әзірленген оқулықтар бар:
- 3-сынып үшін «Еңбекке баулу», «Бейнелеу өнері», «Орыс тілі» (орыс тілінде оқытатын мектептер үшін), шет тілдері (ағылшын, француз);
- 3, 9-11 сыныптар үшін «Неміс тілі»;
- 5-9 сыныптарға арналған «Жаһандық құзыреттілік» оқулықтары қағаз нұсқада; 
- 3-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық/ Цифровая грамотность» пәні бойынша электронды оқулықтар.

-->

Қоғамдық талқылауға ғылыми-педагогикалық қоғам өкілдері, әдіскерлер, ғалымдар, сондай-ақ оқулықтардың сапасына бей-жай қарамайтын қазақстандықтар қатысуға мүмкіндік алды. 

Ол үшін келесі қадамдарды орындау қажет: веб-порталда тіркелу, оқулықтардың түпнұсқа-макеттерімен танысу және «түсініктеме қосу» тетігі арқылы оқулықтардың мазмұны мен құрылымына қатысты сын-пікірлер, ұсыныстар мен ескертулерді жаза аласыз, - делінген ақпаратта.